Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлеріне психологиялық семинар сабақ өткізілді

Түркістан облысының полицейлеріне психологиялық семинар сабақ өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы ПД-нің мәжіліс залында Кадр саясаты басқармасы мен Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының инспектор-психолог мамандарымен “Агрессивті топпен тобырдың психологиясы” тақырыбында семинар сабағы өткізілді. Іс-шараға жеке құрам қатысты.

Арнайы өтілген семинарда полиция қызметкерлеріне агрессивті топтардың түрлері мен психологиясы таныстырылды. Қоғамдық тәртіпсіздікке алып келетін және наразы топтармен қарым-қатынасқа түсетін қызметкерлерге психологиялық көмек көрсетудің әдіс-тәсілдері айтылып, бейнетаспалар көрсетілді.

Одан бөлек, төтенше жағдай кезінде жылдам қимылдап, іс-әрекет етуге бағыттайтын тренинг-жаттығулар жасалынып, жаднамалар таратылды. Семинар сабаққа қатысқан қызметкерлер мән-маңызы зор іс-шарадан ерекше әсер алды. Сондай-ақ, сабақ соңында өз ойларын ашық білдіріп, пікірлерімен бөлісті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру