Ақмола облысында ауыл тұрғыны досының әмиянын ұрлап кетті
Ақмола облысында ауыл тұрғыны досының әмиянын ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
15 ақпанда Жақсы ауданының полиция бөліміне Жақсы ауылының 60 жастағы тұрғыны 13 ақпанда оның 80 мың теңгесі ұрланғаны туралы өтінішпен жүгінді. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктінің жеке басы анықталды. Ол жәбірленушінің танысы, көрші ауылдың 35 жастағы тұрғыны болып шықты. Ер адам досына қонаққа келген. Кіреберісте сыртқы киімді көріп, ол әмиянды күртешенің қалтасынан ұрлап, оның келуін ешкім байқамағанын пайдаланып, үйден шықты. Әмиянда pin-код жазылған парағы бар банк картасы болды. Ер адам банкоматтан ақшаны алған. Кейінірек полиция банкоматта орналасқан бейнебақылау камераларының жазбаларының көмегімен оның жеке басын анықтай алды. Күдікті ақшаны жұмсап жіберген.
ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.