Көкшетауда ер адам металл құбырларды үптеп кетті
Көкшетауда ер адам металл құбырларды үптеп кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
16 ақпанда Көкшетау қаласының Полиция басқармасына 48 жастағы жергілікті тұрғын сол күні сағат 09:00 шамасында белгісіз тұлға металл құбырларды ұрлап кеткені туралы өтінішпен жүгінді. Шығын сомасы 6 мың теңгені құрады.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктінің жеке басы анықталды. Сандықтау ауданының 30 жастағы тұрғыны бірнеше күн бұрын облыс орталығына жұмысқа келіп, тұрғын емес үй аумағынан ұрлық жасаған.
Ұрланған құбырларды қаскүнем металл қабылдау пунктіне тапсырды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 187-бабы 1-бөлігі (Ұсақ ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.