Жетісайда құрбысының ұялы телефонын ұрлап кеткен әйел ұсталды
Жетісайда құрбысының ұялы телефонын ұрлап кеткен әйел ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жетісай АПБ-не жергілікті тұрғын арызданып келген. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, көршісі әрі құрбысы үйіне қонақ болып келіп, Samsung Galaxy A21s ұялы телефонын жасырын түрде жымқырып кеткен. Келтірілген шығын көлемі – 90 мың теңге. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша СДТБТ-ға тіркеді.
Хабар алысымен полиция қызметкерлері тұрғын үйде тексеріс жұмыстарын жүргізді. Күдікті әйел өз үйінен ұсталып, айғақтық зат ретінде ұялы телефон тәркіленіп алынып, заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу барысында ұрлықшы әйелдің бұған дейінде істі болғандығы белгілі болды.
Белгілі болғандай, күдікті әйел құрбысының үйіне келген. Содан қолайлы жерде тұрған телефонға оның көзі түсіп, үй иесін емен-жарқын әңгімеге тарта бастаған. Сол сәтте құрбысының аңғармай қалған кезін пайдаланып, ұялы телефонын жымқырып кеткен.