Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда заңсыз жолмен электрошокер сатқан әйелге айыппұл салынды

Атырауда заңсыз жолмен электрошокер сатқан әйелге айыппұл салынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде №2 учаскелік полиция пунктінің қызметкерлері Махамбет көшесінде орналасқан сауда орталықтарының біріндегі бутикте Ішкі істер органдарында тіркелмеген заңсыз электрошокерді сатқан 54 жастағы әйелді анықтады.

Аталған дерек бойынша айғақ зат тәркіленіп, тиісті сараптамалар тағайындалды.

Сараптама қорытындысымен 54 жастағы азаматшаға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 482-бабымен (Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы) әкімшілік хаттама жасақталып, сот шешімімен 53 623 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру