СҚО-да учаскелік полиция инспекторы қиын өмірлік жағдайға тап болған екі ағайындыға көмектесті
СҚО-да учаскелік полиция инспекторы қиын өмірлік жағдайға тап болған екі ағайындыға көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Маскүнемдіктен мәжбүрлеп емделуге жіберу – адамның қалыпты өмірге оралу, қылмыс пен құқық бұзушылықты болдырмаудың бірден бір амалы. Бұл учаскелік полиция инспекторларының алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі. Өткен жылы СҚО-да наркологиялық ұйымға мәжбүрлеп емделуге 200 адам жіберіліп, оның 177-сі емделуден өтті. Олардың әрқайсысы учаскелік полиция инспекторының назарында: адамның жаман әдетіне оралмайтынына көз жеткізу қажет, қажет болған жағдайда – қолдап, көмек көрсету керек.
Аққайың ауданындағы ауылдардың бірінде учаскелік полиция инспекторының көмекшісі Алмат Галеев үй-үйді аралау кезінде өткен жылы емделуге жіберген екі ағайындыны тексерді. Ауыл тұрғындары маскүнемдіктен емделуде болған кезде үйлері ескіріп, тұруға жарамай қалған екен. Ауданда туған-туыстары болмағандықтан, жерқойманы паналаған. Ауылдық округтің қолдауымен полицейлер оларды ауруханаға жеткізіп, өз қаражатынан тамақ пен киім алып берген. Емделуден кейін ағайындыларды Петропавлдағы Әлеуметтік бейімдеу орталығына жеткізу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, Алмат Галеев ағайындыларға көмек көрсету үшін әлеуметтік қорғау органдарына материалдар жинастыруда.
– Құқықтық тәртіп және азаматтардың аман-саулығы – учаскелік полиция инспекторы жұмысының жемісі. Адамдардың мұң-мұқтажы мен мәселелерінен бейхабар болмау қажет. Бұл үшін қызмет көрсетілетін учаскеде есепте тұрған тұлғалар, көмек қолын қажет ететін әлеуметтік осал топтар күнделікті тексеріледі. Учаскелік полиция инспекторы арыздарды қарастырып қана қоймай, оларды уақтылы шешу үшін проблемалық жағдайларды алдын ала анықтауы тиіс, – деді аудандық полиция бөлімінің бастығы Руслан Сапаров.