Ақтөбе облысының тұрғыны алаяқтың арбауына түсіп, жарты млн теңгесінен айырылды
Ақтөбе облысының тұрғыны алаяқтың арбауына түсіп, жарты млн теңгесінен айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
22 ақпанда қалалық полиция бөліміне Жаңақоныс ауылының 64 жастағы тұрғыны алаяқтық туралы арыз берген. Оның айтуынша, 27 қаңтарда белгісіз біреу ұялы телефонына қоңырау шалып, өзін банктің қызметкері ретінде таныстырып, алаяқтар оның атынан несие рәсімдемек болғанын айтып, жәбірленушінің жеке деректері арқылы шотынан 490 мың теңгеден астам барлық ақшалай қаражатын аударып алған.
ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, күдікті адамды анықтау мен ұстауға бағытталған жедел іс-шаралар жүргізілуде.