СҚО-да сотталғандар екінші некесін қиды
СҚО-да сотталғандар екінші некесін қиды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Николай 2018 жылы ұрлық және қарақшылық үшін 9 жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын орта қауіпсіздік мекемесінде өтеумен сотталды. Өткен жылы СҚО Петропавл қалалық сотының қаулысымен оны ЕС-164/3 орташа қауіпсіздік мекемесінен СҚО бойынша ҚАЖД ЕС-164/9 ең төменгі қауіпсіздік мекемесіне ауыстырды.
Николайдың алғашқы құрған отбасында қиын жағдайлар болды. Әйелімен үнемі ұрыс-керіс орын алды. Өзі ішіп жүргендіктен, оны жұмыстан босатып жіберді. Әйелімен ажырасқаннан кейін де өмірі оң жаққа өзгермеді.
– Үйдегі күнделікті ұрыс-керіс мені қатты әбіржітіп жіберді. Мен өз проблемаларымнан бас тарттым, алкогольге қалай тәуелді екенімді байқамадым. Бөтелке болмаса, өмір сүре алмайтындай жағдайға жеттім. Бір күні арақ ішкім келіп, өтіп бара жатқан қыздан сөмкені тартып алып, қашып кеткенім есімде. Әмияндағы ақшаға мен екі бөтелке арақ сатып алып іштім, бірақ одан өмірім жақсармады, – дейді сотталған Николай.
Альфия ҚР ҚК-нің 259-бабы бойынша (Есірткі құралдарын немесе психотроптық заттарды заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) үш жылға шартты түрде сотталды. Петропавл қаласы пробация қызметінің есебінде тұрды, бірақ ережелерді бұзғаны үшін Петропавл қаласы сотының қаулысымен оған шартты түрде соттау алынып тасталды және орташа қауіпсіздік мекемесінде үш жыл бас бостандығынан айыру тағайындалды.
– Жасалған қылмыс мені қатты өзгертті. Енді мен есімді жиғандаймын, мен нашақорлықтан айықтым. Мамандардың көмегінсіз мен бұны жасай алмас едім, – деді сотталған Альфия.
Николай мен Альфия алғаш рет Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД ЕС-164/9 қауіпсіздігі төмен мекемесінде кездесті. Бірнеше ай танысқаннан кейін Николай Альфияға ұсыныс жасап, оның келісімін алды.
– Мен Альфияны мекемеде алғаш рет көрдім. Мен оны бір көргеннен жақсы көрдім. Мен мұнда махаббатымды жолықтырамын деп ойламадым. Менің алғашқы үйленуім сәтсіз болды, бірақ мен бәрі басқаша болатынына сенімдімін, – деді сотталған Николай.
– Николайдың босап шығуына үш жыл мерзім қалды, мен осы жылдың маусым айында босатыламын. Бәрі жақсы болады. Мен оны күтемін. Ол нағыз ер адам, ол мені қатты қолдайды, мені жақсы көреді. Алғашқы некеде мен мұндай қамқорлық пен махаббатты сезінбедім. Онда бәрі керісінше болды. Міне әйел бақыты осы екен ғой, – деп ойымен бөлісті Альфия.
– Мекемелерде некеге тұру сирек жағдай емес. Көптеген жағдайларда бас бостандығынан айыру орындарында жасалған неке сотталғандарға оң әсер етеді. Олар сотталғанды мерзімінен бұрын босатуға ынталандырады, – дейді СҚО бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары Александр Кочкин.
Айта кетерлік жайт, сотталғандар арасында 2020 жылы 13 неке құрылса, 2021 жыл бұл сан 19-ды құрады. Жыл басынан бері екі сотталған некеге отырды.