Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолалық полицейлер электр құралдарын ұрлаған күдіктілерді ұстады

Ақмолалық полицейлер электр құралдарын ұрлаған күдіктілерді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

26 ақпанда Атбасар ауданының полиция бөліміне Атбасар қаласының 67 жастағы тұрғынының осы жылдың ақпан айының басында үйдің ауласындағы гараждан белгісіз тұлғалар тегістеуіш, перфоратор және бұрауыш ұрлап кеткендігі туралы өтініші келіп түсті. Шығын сомасы 40 мың теңгені құрады.

Жедел-іздестіру шаралары барысында Атбасар қаласының 32 жастағы тұрғыны және Атбасар ауданының 30 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды. Екі дос осы жылдың 3 ақпанына қараған түні терезеден гаражға кіріп, электр құралдарын ұрлап әкеткен. Ұрланған мүлікті қаскүнемдер сатып, ақшаны жұмсаған.

ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Заттай дәлелдемелер алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру