Қарағанды облысында «Дәрмек» ЖАІШ қорытындысы шығарылды
Қарағанды облысында «Дәрмек» ЖАІШ қорытындысы шығарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
21-25 ақпан аралығында Қарағанды облысында «Дәрмек» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасының бірінші кезеңі өтті. Оның аясында медициналық мекемелерде заңды есірткі айналымы саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтау, сондай-ақ есірткінің заңсыз айналымына қатысты қылмыстық әрекеттердің басқа да түрлерін анықтау және жолын кесу бойынша мақсатты жұмыстар жүргізілді. Облыста есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына лицензиясы бар 106 медициналық және 55 өнеркәсіптік нысан бар.
Рейд барысында полиция қызметкерлері заң талаптарын қатаң сақтай отырып, үш медициналық мекеме мен 5 өндірістік нысанды тексерді. Сонымен бірге, үш бап бойынша есірткі құралдарымен, психотроптық заттармен және прекурсорлармен жұмыс істеу ережелерін бұзудың 3 фактісі анықталды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 303-бабына сәйкес анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым жіберілді.
Әкімшілік құқық бұзушылықтар 427-бабы бойынша – 4 факт, 464-бабы бойынша – 2 дерек анықталды.
Облыстық ПД қызметкерлері күшті әсер ететін заттарды рецептсіз (трамадол, тропикамид) анықтау бойынша іс-шаралар жүргізді, оның барысында 12 факті, ҚР ҚК 424-бабы бойынша – 7, 426-бабы бойынша – 5 құқық бұзушылық анықталды. Олар бойынша барлық материалдар кінәлілерді жауапкершілікке тарту үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментіне жолданды.Сонымен қатар, құрамында есірткі және психотроптық заттар бар дәрілік заттарды дәрігердің рецептісіз сату фактілерінің жолын кесуге баса назар аударылды.
Мәселен, 22 ақпанда Сәтбаев қаласының 46 жастағы тұрғыны жеке үйінде дәрігердің тиісті рецептінсіз тропикамид препаратын 2500 теңгеге сатқан факті анықталды.
Дәл осы күні Балқаш қаласында 21 жастағы жас жігіт жауапкершілікке тартылды. Құқық бұзушы 20 дана трамадол дәрісін интернет арқылы 4000 мың теңгеге сатқан.
24 ақпанда Қарағандыда 36 жастағы әйел лицензиясыз және дәрігердің қорытындысынсыз 10 трамодол таблеткасын 3500 теңгеге сатпақ болған.
Барлық фактілер бойынша материалдар әкімшілік хаттама жасау үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментіне берілді.
Сонымен қатар, 25 ақпанда облыстық Полиция департаментінің қызметкерлері медициналық мекемелердің бірінде есірткі, психотроптық заттарды сақтау, есепке алу, жіберу, тарату, пайдалану және жою жай-күйін тексерді. Дәріхана қоймасында промедол – 400 ампула, фентанил – 100 ампула, реланиум – 45 ампула сияқты есірткі және психотроптық заттар сақталғаны белгілі болды. Сонымен бірге, қауіпсіздік ұйымымен 2022 жылға арналған келісім-шарт жасалмаған. Есірткі заттары тәркіленіп, сейфке қалдырылды.
Осы кезеңде есірткінің заңсыз айналымымен байланысты тұлғаларға қатысты да жұмыстар жүргізілді. Нәтижесінде, облыстық полиция есірткіні сату бойынша үш, аса ірі көлемде есірткі сақтау бойынша екі қылмыстық іс қозғады.