Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында 8 бас қой ұрлаған ер адам бес жылға сотталды

Түркістан облысында 8 бас қой ұрлаған ер адам бес жылға сотталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бәйдібек ауданында мал ұрлаумен айналысқан ер адамға қатысты сот үкімі шықты. Нақтырақ айтсақ, Бәйдібек АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданып, өзінің қорада тұрған 8 бас қойын белгісіз біреулер ұрлап кеткенін жеткізген. Жәбірленушіге келтірілген шығынның көлемі 450 мың теңгені құрады. Аталған жайт ҚК-нің 188-1-бабы (Мал ұрлығы) бойынша тіркелді.

Жедел-тергеу тобы ақпарат алысымен оқиға орнына аттанып, жедел шараларды жүргізді. Орын алған мал ұрлығы қылмыстарын ашу, күдіктілерді ұстау мақсатында тәртіп сақшылары қарқынды қызмет атқарды. Мал таситын көліктерді, мал базарларды мұқият тексеріп шықты.

Полиция қызметкерлері бастаған жедел уәкілдердің жан-жақты іздестіруі нәтижесінде, мал ұрлығына қатысы бар күдіктілердің жеке басы анықталды. Күдікті ретінде жергілікті тұрғын ер адам ұсталды. Белгілі болғандай, күдікті адамдар тобының сөзбайласуымен ұрлық жасаған. Яғни, күдікті арнайы көлік жалдап, малдарды көлікке тиеп отырған.

Полицейлер істі толығымен аяқтап, айыптау актісімен бірге сотқа жолдады. Нәтижесінде сот шешімімен күдікті ер адамға 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру