Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Автобус” іс-шарасы: СҚО-да рөлде телефон пайдаланудың 170 фактісі анықталды

СҚО-да “Автобус” іс-шарасының 10 күнінде рөлде телефон пайдаланудың 170 фактісі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаментінде ел аумағында он күн бойы өткізілген “Автобус” жедел-профилактикалық іс-шарасы қорытындыланды.

Оңтүстік бақылау пунктінде патрульдік полицейлер Петропавл қаласынан Есіл ауданындағы ауылдардың біріне жолаушыларды тасымалдайтын ПАЗ автобусын тоқтатты. Тексеріс кезінде ПАЗ жүргізушісінде жүргізуші куәлігінің мерзімі өтіп кеткені белгілі болды. Нәтижесінде, жүргізушіге ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 2-бөлігі (Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы) бойынша әкімшілік хаттама  толтырылды.

Полицейлер жүргізушілерді құжат мерзімдеріне назар аударып, уақытылы ауыстыру қажеттігі туралы ескертеді. Сондай-ақ, тәртіп сақшылары жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау, қырағылық пен сақтық таныту – барлық жол қозғалысы қатысушылары үшін, әсіресе жолаушылар тасымалымен айналысатын жүргізушілер үшін аса қажет екенін атап өтті. Жолаушылардың қауіпсіздігі және ыңғайлы жағдайда жол жүруі – бұл автобус және такси жүргізушілерінің күнделікті қамтамасыз етуі тиіс басты талаптар.

Жедел-профилактикалық іс-шараның қорытындылары солтүстікқазақстандық автобус, такси жүргізушілері жұмысына жауапкершілікпен қарайтынын көрсетті. Десе де, бұзушылықтар кездеседі.

СҚО Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қанат Айтбаевтың айтуынша, соңғы он күнде облыс бойынша қоғамдық көліктің жүргізушілері тарапынан ЖҚЕ-нің 766 бұзушылығы анықталған. Басым бөлігі рөлде телефонды пайдалану фактілері, мұндай 170 факті тіркелген. Сондай-ақ, маневр жасау ережелерін бұзудың 140 дерегі, техникалық тексерістен өтпеген көлікті пайдаланудың 54 фактісі анықталды. Тиісті тіркеусіз және рұқсатсыз кәсіпкерлікпен айналысудың төрт фактісі анықталды.

Жыл басынан бері облыс жолдарында 33 жол-көлік оқиғасы тіркелген, салдарынан 9 адам қаза тауып, 45-і жарақат алды. Жолаушылар көлігінің қатысуымен екі апат тіркелді, онда үш адам зардап шекті. Ауа райының өзгеруіне байланысты полицейлер жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді сақ болып, ережелерді сақтауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру