Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қайтарымсыз несие шығарып беремін деп алдаған сарыағаштық әйел құрықталды

Қайтарымсыз несие шығарып беремін деп алдаған сарыағаштық әйел құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыағаш АПБ-ның қызметкерлері кәсіпкерлер палатасынан қайтарымсыз несие шығарып беремін деп жергілікті тұрғынды сан соқтырған күдікті әйелді ұстады.

Яғни, Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жәбірленуші әйел арызданып келген. Оның айтуынша, сырттай танысы қайтарымсыз ақша алып беремін деп 300 мың теңге ақша алған. Осылайша оны төрт ай бойы алдап, қайтарымсыз несиені алып бермей, не ақшасын қайтармай жүрген. Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚК 190-бабы (Алаяқтық) қылмыстық құқық бұзушылығы бойынша СДТБТ-ға тіркеді.

Хабар алысымен полиция қызметкерлері алаяқтық қылмысын ашу мақсатында оқиға орнына жетті. Полицейлердің жан-жақты жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, күдікті әйел Сарыағаш қаласынан ұсталды. Оны бірден ПБ-ға жеткізді. Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Белгілі болғандай, күдікті жәбірленушіден алған ақшаны өз қажеттілігіне жаратып жіберген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру