Түркістанда заңды қаскөйлікпен бұзған есептегі сотталған қамауға алынды
Түркістанда заңды қаскөйлікпен бұзған есептегі сотталған қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласы және Түркiстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесi департаментiне қарасты Бәйдiбек аудандық пробация қызметiне тiркеуге алынып, жаза өтеу тәртiбiн қасқөйлiкпен бiрнеше рет бұзған Нұрғали есімді есептегі сотталған қамауға алынды.
Қазiргi таңда Шымкент қаласы және Түркiстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесi департаментiне қарасты Бәйдiбек аудандық пробация бөлiмiнiң есебiнде 54 сотталған бар.
Есептегi адамдар арасында әртүрлi мiнез-құлықты адамдар кездеседi, бiрi қылмыс жасағанына өкiнiп, қылмыспен келтiрген залалдың орнын толтырып,түзелу жолына түскен азаматтар. Ендi бiрi тәртiпке бағынбай, сот жүктеген мiндеттердi атқармай, жаза өтеу ережелерiн бұзып, темiр торға тоғылып жатқандар.