БҚО-да ҚАЖ қызметкерлерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы кездесу өтті
БҚО-да ҚАЖ қызметкерлерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы кездесу өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Еліміздегі мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес. Осыған байланысты 4 наурызда БҚО бойынша ҚАЖ департаментінде кадр саясаты тобының бас маманы А.Бердыкулова мен өзіндік қауіпсіздік тобының аға жедел уәкілі С.Қойшыбаевтің ізгі бастауы бойынша ҚАЖ департаментінің қызметкерлері және Орал қалалық пробация қызметінің жас қызметкерлерімен БҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Превенция басқармасының басшысы Біржан Хайруллинмен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында ҚР заңнамасындағы маңызды өзгерістер талқыланып, жүйелі түрде сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға енгізілген қосымша шаралар туралы айтылып, жаңа заңнама негізінде қарамағындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қатысы анықталған жағдайда оның басшысының қызметтен босатылуы заңмен бекілгендігін, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін заңнамамен сараптау жұмыстары күшейтілгенін маңызға алып айта өтті.
Кездесу соңында ҚР заңнамасындағы жаңалықтар мен өзгерістерді таныстыру мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басқа да құрылымдық бөлімшелерімен кездесулер өткізу жөнінде келісімге келді.