Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ Алматы академиясына Қазақстан-Неміс университетінің ректоры келді

ІІМ Алматы академиясына Қазақстан-Неміс университетінің ректоры, доктор Роммель Волрад келді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ІІМ Алматы академиясының тыңдаушылары Қазақстан-Неміс университетінің ректоры профессор Др.Роммель Волрад бастаған университет өкілдерімен кездесті.

Қонақтардың арасында Алматы академиясына аты берілген генерал Мақан Есболатовтың немересі Зарина Есболатова да болды. Шетелдік университет мамандары генералдың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, академия мұражайын аралады. Аталған университетте қызмет атқаратын Зарина Есболатова әріптестерін Қазақстан полициясының қалыптасуынан сыр шертетін экспонаттар жинақталған мұражайдағы М.Есболатовқа арналған бұрышпен де таныстырды.

Қазақстан-Неміс университетінің ректоры, доктор Роммель Вольрад Алматы академиясының тыңдаушыларына өзі басқаратын университет туралы мәлімет беріп, мұнда Орталық Азияның түкпір-түкпірінен келген студенттер білім алатынын ерекше атап өтті.

Қазақстан-Неміс университеті екі елдің үкіметаралық келісімі аясында жұмыс істейді және 1999 жылы «Білім беру саласындағы Қазақстан-Неміс ынтымақтастығы» қоғамдық қорының жеке бастамасымен құрылған. Университет базасында мамандар неміс стандарты бойынша даярланады. Бұл аталған оқу орнындағы оқытудың сапасы жоғары екенін көрсетеді.

Сондай-ақ, доктор Роммель Волрад Қазақстан-Неміс университетінің ҚР ІІМ Алматы академиясымен ынтымақтастығын жолға қоюға мүдделі екенін атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру