Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Техникалық дүкенге ұрлыққа түскен қызылордалық ұсталды

Техникалық дүкенге ұрлыққа түскен қызылордалық ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімі жедел уәкілдерінің кәсіби шеберліктері мен қырағылықтары нәтижесінде, телефон ұрлығы “ізі суымай“ ашылды.

5 наурызда қала аумағында орналасқан техникалық дүкендердің бірінде белгісіз біреу сөреде тұрған IPhone 12 PRO телефонын көруге алып, қалтасына жасырын салып, ұрлап алып кеткен. Келіп түскен мәлімет бойынша оқиға орнына барған полиция қызметкерлері күдіктіні “ізін суытпай“ құрықтады.

Күдікті 27 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру