Велосипед ұрлығының алдын алу: полиция тұрғындарға қауіпсіздік шараларын еске салды
Жаз мезгілінде көшелер мен аулаларда демалушылардың саны артып қана қоймай, мүліктік қылмыстардың жасалу қаупі де күшейеді. Осыған орай полиция азаматтарға қауіпсіздік шараларын еске салды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жыл басынан бері Павлодар облысының аумағында велосипед ұрлығының 63 дерегі тіркелді
Көптеген азамат велосипедтерін қараусыз қалдырып, оның сақталуын қамтамасыз ету үшін ешқандай шара қолданбайды. Көбінесе велосипедтер көпқабатты тұрғын үйлердің кіреберістерінен ұрланады. Көп жағдайда жасөспірімдер велосипедпен серуендеп келгеннен кейін оны баспалдақ алаңында қараусыз қалдырып, үйлеріне кіріп кетеді.
Жасалған қылмыстарды талдау көрсеткендей, велосипед ұрлығын көбіне сондай-ақ жасөспірімдер жасайды. Сонымен қатар тұрғындардың өздері бейтаныс адамдарды кіреберіске кіргізіп жатады.
Велосипед ұрлығының бетін ашу барысында полиция қызметкерлері бірқатар қиындыққа тап болады, бұл қылмысты жедел ашуды едәуір қиындатады. Велосипед иелері ұрлық туралы арыз берген кезде көбіне велосипед жақтауының нөмірін білмейді немесе оның техникалық төлқұжатын ұсына алмайды.
Құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында полиция азаматтарға велосипедтерін аз уақытқа болса да қараусыз қалдырмауға, сенімді құлыптарды пайдалануға және мүмкіндігінше екі дөңгелекті көлікті жабық үй-жайларда сақтауға кеңес береді.
