Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Екібастұзда полицейлер 20 мыңнан астам адамға профилактикалық кеңес берді

Теміржолшылар күніне орай Павлодар облысы полиция департаментінің қызметкерлері мерекелік іс-шараға қатысушылар арасында профилактикалық акция өткізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицейлер азаматтарға интернет-алаяқтықтың кең таралған тәсілдері туралы ескертіп, дроппер ретінде қылмыстық схемаларға тартылмаудың жолдарын түсіндірді. Сонымен қатар заңсыз есірткі айналымына қатысқаны үшін көзделген жауапкершілік туралы ақпарат берді.

Іс-шара барысында тұрғындарға жеке деректері мен қаржысын қорғау жөнінде пайдалы кеңестер ұсынылып, көкейдегі сұрақтарына жауап берілді.

Профилактикалық акциямен өңір тұрғындары мен Ертіс өңіріне келген қонақтарды қоса алғанда, 20 мыңнан астам адам қамтылды.

Қауіпсіздік – хабардар болудан басталады. Ал профилактика – полиция мен азаматтар арасындағы ашық диалогтан бастау алады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру