Қызылордада сотталғандар психологтың қабылдауында болды
Қызылордада сотталғандар психологтың қабылдауында болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
4-6 наурыз аралығында Жаңақорған аудандық пробация қызметі бойынша инспектор-психологы Самат Құрымбаев Сырдария, Жалағаш аудандық пробация қызметінің есебіндегі сотталғандарды қабылдап, сұхбаттасу және сауалнама жүргізу барысында психологиялық көмек көрсетті.
Психолог маман сотталғандарды жеке қабылдап, психопрофилактикалық әңгіме-сұхбат жүргізіп, психологиялық кеңес кеңес беріп, олардан психодиагностикалық әдістемелер «психогеометрия», «шмишек сауалнамасы» алынып, бейімділігін анықтап, мінездеме берді.
– Психометрия әдісі – адамның ішкі жан-дүниесін, мінез-құлқын анықтайды. Осы әдіс арқылы 28 сотталғанның мінез-құлқы анықталды. Ал «шмишек сауалнамасы» адамның жеке басын зерделеуге, жағымды және жағымсыз жақтарын анықтауға, келеңсіз жағдайларда өзін қалай ұстайтынын зерделедім. Есепте тұрғандар бұл іс-шараға өте байыпты қарады және әңгімеге белсенді қатысты. Олардың кейбірі толғандырып жүрген мәселелерімен бөлісіп, тұщымды жауаптарын алды, – деді психолог маман.