300 мың теңгенің білезігін алдап алып кеткен сарыағаштық қыз ұсталды
300 мың теңгенің білезігін алдап алып кеткен сарыағаштық қыз ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сарыағаш АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданып, белгісіз біреудің өзіне алаяқтық жасағанын хабарлады. Сатушы әйелдің айтуынша, одан белгісіз бойжеткен құны 300 мың теңге тұратын алтын білезікті сатып алмақшы болып, ұялы телефоннан ақшаны төлегендігі туралы чекті көрсеткен. Кейіннен сатып тұрған тауарының ақшасы түспегеннен кейін жәбірленуші әйел полицейлерден көмек сұраған.
Аталған жайтты тәртіп сақшылары ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеді. Сарыағаштық тәжірибелі полицейлермен қылмысты дер кезінде ашып, алаяқты ұстауға бағытталған жедел-іздестіру жұмыстары атқарылды.
Тәртіп сақшылары бұл қылмысқа қатысы бар күдіктіні ұстауға барын салды. Қажетті тексеру жұмыстарының нәтижесінде, жергілікті тұрғын ұсталып, полиция бөлімге жеткізілді.
Анықталғандай, жас бойжеткен жәбірленушіге аударым туралы жалған түбіртек көрсетіп, сатылымда тұрған алтын білезікті алып кеткен. Содан күдікті жымқырған алтынды ломбардтардың біріне өткізіп жіберген. Бүгінде полицейлер жымқырған алтынды заңды иесіне қайтарды. Қазіргі таңда күдікті бойжеткенге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.