Маңғыстау тергеу изоляторында Наурыз мейрамын тойлау дәстүрі көрсетілді
Маңғыстау тергеу изоляторында Наурыз мейрамын тойлау дәстүрі көрсетілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ГМ-172/10 мекемесінде сотталғандар бір ай бойы өздерінің шығармашылық өнерлерін көрсетуге дайындалды. Мақсаты – Ұлыстың ұлы күнін мерекелеу дәстүрін көрсету. Көрермендердің қол шапалақтарына қарағанда, көрсетілім сәтті өтті.
Мекеменің акт залындағы сахна киіз үйге айналды. Онда дастархан жайылып, әдеттегідей қонақтар шақырылды. Сценарий бойынша үстел басында тек қазақтар ғана емес, сонымен қатар наурызды қалай тойлауды мүлдем білмейтін шетелден келген өзге ұлт өкілдері де болды. Оларға осы жарқын күннің салт-дәстүрлері туралы айтылды, сондай-ақ олар осы уақытта мерекелік үстелде болуы керек тағамдардан дәм татты. Шетелдіктер мереке мен тамақ туралы сұрады, ал маңғыстаулықтар наурыз туралы білімдерімен, әсерлерімен бөлісті.
Одан соң сахнаға қатысушылар әдемі ұлттық киімдерін алып шықты. Іс-шараның соңында қазақ дәстүрі бойынша шетелдіктерге құрмет пен достықтың белгісі ретінде шапан сыйға тартылып, иықтарына жабылды.
– Қазақстандықтар үшін наурыз – көктемгі жаңарудың, құнарлылық пен бақыт салтанатының нышаны. Ежелгі уақытта мереке келгенге дейін адамдар үйлерін ретке келтіріп, ағаштар мен гүлдер отырғызды, сыйлықтар сатып алды, көптеген тағам дайындады. Жыл сайын біздің мекемеде де осындай жағдай жасалады. Біз сотталғандарды да шығармашылықпен ынталандырамыз. Біз оларды шараларға тартамыз, шабыттандырамыз, адамдар ашуланбайтындай, өздерінің ең жақсы қасиеттерін көрсететіндей және өз мерзіміне дейін мүмкін емес нәрселерді үйренетіндей көмек береміз. Мысалы, бізде мекеме қабырғасында гитара мен домбыра ойнап, үйрене бастаған адам бар. Бұл біздің жұмысымыздың жақсы көрсеткіші. Жігіттер осы қойылым үшін арнайы «Адай» күйін үйренді. Наурыз мерекесіне арналған шағын спектакльге 25 адам қатысты. Бұл жергілікті учаскедегі сотталғандар және мекеменің шаруашылық қызметтері, – деді Маңғыстау ГМ-172/10 мекемесінің тәрбие бөлімінің бастығы Ғабит Бердышев.
Сахнада көрсетілген барлық тағамдарды сотталғандардың өздері дайындады. Қызара піскен бауырсақ, бесбармақ және дәстүрлі наурыз көже. Сотталған Б. Домбаевтың өзінің жеке дәстүрі бар. Жыл сайын наурыз айында тілек тілейді. Осы жылы мерекелік дастарханда отырып, ол тез арада босатылып, отбасымен және адал достарымен кездесуін дауыстап тіледі. Мұнда жүрген адамдардың барлығы әртүрлі себептермен бостандықтан айырылған.
– Біз мереке жасап, көрермендерге керемет көңіл-күй сыйлауға тырыстық. Ұзақ дайындалдық. Домбыра мен гитарада өлеңдер, әуендер жаттап, оқыдық. Олардың барлығы наурыз мейрамына, махаббат және достыққа арналды. Наурыз көжені дайындау тәсілі туралы әңгімеге ерекше көңіл бөлінді. Ол жеті құрамнан, өмірдің жеті элементінен тұруы керек: су, ет, тұз, май, ұн, жарма және сүт. Мұның бәрі қазақта даналықты, денсаулықты, қуанышты, әл-ауқатты, көктегі қорғанысты білдіреді. Біз өз көрермендерімізге дайындалған тағамдардан дәм ұсындық. Барлығына ұнады, әзілдер, күлкі мен қуаныш көп болды, – деп эмоцияларымен бөлісті сотталған Б. Домбаев.
Мереке соңында тергеу изоляторында спорттық іс-шаралар өткізілді. Сотталғандар асық ату, тоғыз құмалақ, гір көтеру, шахмат және дойбы сияқты ұлттық ойындарда бақ сынасты.
Ойындар схема бойынша өтті, бұл ең мықты спортшыны объективті түрде анықтауға мүмкіндік берді. Турнир жеңімпаздары мақтау қағазымен марапатталды.
Мекеме бастығының орынбасары Бауыржан Қасымбековтың айтуынша, тоғыз құмалақ пен дойбы сотталғандар арасында ең танымал ойындар екен. Кейбір құмар ойыншылар ерекше әдістерді үйрену үшін жергілікті кітапханада бар арнайы әдебиеттерді оқиды.