Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстауда тергеу изоляторының кітапханасы жаңа 100 кітаппен толықты

Жыл басынан бері Маңғыстаудағы тергеу изоляторының кітапханасы жаңа 100 кітаппен толықтырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оларды тұрғындар қайырымдылық аясында әкелді. Қазір Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД №77 мекемесінің кітапхана қоры үш мыңнан астам кітапты құрайды. 2022 жылы оқырмандар саны 300-ден астам адам болды.

Д. есімді сотталғанның мекемеге келгеніне бір жыл болды. Ұлты – орыс, бірақ Мұхтар Әуезовтің “Абай жолы” романын қазақ тілінде үлкен қызығушылықпен оқи бастады. Мұнда тергеу изоляторының қабырғасында ол қазақ тілін үйреніп, машықтана бастады.

– Тіл үйренуге маған кітаптар көмектеседі. Мұнда мектеп бағдарламасынан бірнеше кітап бар. Мен бұған дейін достарыммен қазақ тілінде сөйлестім, бірақ бұл аралас сөйлесу, қазақ және орыс тілдерінің араласуы болды. Тілді толық үйренемін деп мақсат қойдым. Айналамдағылар маған жақсы сөйлеп, айтасың дейді. Қазір қазақ тілінде кітап оқимын, бәрін түсінемін, – дейді сотталған Д.

– Ғылыми фантастика да, классикалық әдебиет те танымал. Сонымен қатар әрқашан қызықты нәрсе таба алуға немесе басқа оқырмандармен оқыған кітап туралы әсерлерімен бөлісуге болады, – дейді мекеме кітапханашысы Әлия Құлтаева.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру