Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Келесте заңға бағынбаған есептегі екі сотталған анықталды

Келесте заңға бағынбаған есептегі екі сотталған анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы аумағында “Есептегі элемент” атты облыстық жедел-профилактикалық іс-шара өткізілді. Осы іс-шараны өткізу барысында Келес аудандық пробация қызметі жергілікті учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп есепте тұрған қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жаза түріне сотталғандардың мекенжайлары мен жұмыс орындарын толық тексерді.

Аталған шараның басты мақсаты – пробация қызметінің есебінде тұрған қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларға сотталғандар тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтардың және қылмыстың алдын алу мақсатында олардың тұрғылықты мекенжайына барып тексеру жүргізіп, кеңес өткізеді.

Пробация қызметі есебіндегі қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жаза түріне сотталғандар тарапынан жасалынатын қайталама қылмыстар мен құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында жергілікті учаскелік полиция қызметкерлерімен бірлесіп, есепте тұрған сотталғандарды тұрғылықты мекенжайлары бойынша түнгі уақыттарда тексеріп, олардың жақын туыстарымен де профилактикалық әңгімелер жүргізді.

Сонымен қатар шара барысында пробация қызметінің инспекторлары шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған азаматтар мен бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаға тартылғандарды мекенжайлары бойынша тексеріп, олармен түсіндірме жұмыстарын да жүргізді.

– Біз полицияның учаскелік инспекторларымен бірлесіп, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды тексеруге жиі шығамыз. Сонымен қатар бас бостандығынан оқшалаусыз жазаға тартылған сотталған адамдардың тарапынан құқық бұзушылықтарды немесе қайта қылмыстық құқықбұзушылықтарды дер кезінде анықтау мақсатында, іздеу жүйелері және басқа мемлекеттік органдардың базалары бойынша тексеру жүргізіп отырамыз. Егер сотты болған азамат тұрғылықты мекенжайында болмаса онда ол адамға акты толтырылады. Сөйтіп, қалалық пробация қызметі бөліміне шақыртылады. Сотталушы азаматтан үйінде болмауының себебін анықтап, жазбаша түрде түсініктеме алынады. Егер оның берген жауабы өзінің әрекетіне сәйкес келмесе, я болмаса пробациялық бақылаудан жалтарып, сот жүктеген міндеттерді орындамағаны анықталса жазбаша түрде “Ескерту” жарияланады. Ал ескерту бар болса онда ҚР ҚК-нің 44-бабы, 3-бөлімі (Бас бостандығынан шектеу) бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыруға сотқа жолданады. Ал жазаны сот тағайындайды, – деді Келес аудандық пробация қызметі бөлімінің бастығы Нұрдәулет Аширбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру