Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолалық полицейлердің атына алғыс сөздер келіп түсуде

Ақмолалық полицейлердің атына алғыс сөздер келіп түсуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мереке күндері Ақмола облысында ауа райы қолайсыз болды. Қатты жел, бұрқасын және көрінудің шектеулі болуы барлық автожолдарының жабылуына себеп болды. Ақмолалық полицейлер қиын жағдайға тап болған адамдарға көмектесіп, күшейтілген режимде қызмет етті.
Целиноград ауданы Мәншүк ауылының учаскелік инспекторы үшін қар құрсауында қалған адамдарға көмек көрсету жаңалық емес. 23 наурызда полиция аға лейтенанты оннан астам адамға көмектесті.

Целиноград аудандық полиция бөлімі бастығының атына учаскелік полиция қызметкеріне Мәншүк ауылының тұрғыны алғыс сөздерін жолдады. Педагог өз хатында 23 наурыз күні оған елордадан келген қонақтар Нұр-Сұлтан қаласы бағытына шығып, жолда қолайсыз ауа райына тап болғанын жазған. Жұбайы мен туыстары үшін уайымдаған әйел учаскелік полиция инспекторына қоңырау шалып, көмек сұрады. Ернар Абайұлы және «Мәншүк АЭ» ЖШС қызметкерлері арнайы техниканың көмегімен Мәншүк және Жалғызқұдық ауылдары арасындағы жолды тазалап, автокөліктерді қар құрсауынан шығарып алып, ақмолалықтардың Мәншүк ауылына оралуына көмектесті.

– Біздің қонақтар өте риза болды. «Мәншүк АЭ» ЖШС учаскелік инспекторы мен қызметкерлеріне алғыс айтамын. Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын. Қиын уақытта көмек қолын созуға дайын адамдар көп болсын, – деп жазыпты мұғалім.

Бұл күні Е.Жұмабеков Жарлыкөл ауылдық округінің әкімі М.Сағынтаевпен, Мәншүк ауылының әкімі Г. Исаевпен және Пфафенгут шаруа қожалығының басшысы және жұмыскерлерімен бірге 80-ге жуық автокөлікті қар құрсауынан алып шыққанын айта кету керек.

Полиция қызметкерлері азаматтарды қолайсыз ауа райында жол жүруден аулақ болуға, өздерін және жақындарына қамқорлық жасауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру