Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да есептегі сотталғандарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

СҚО-да есептегі сотталғандарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру мақсатында шартты түрде бұрын босатылуына, әкімшілік қадағалау орнатылуына байланысты бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, сондай-ақ пробация қызметінде тұрған, қоғамнан оқшаулаусыз сотталған адамдарды жұмысқа орналастыру бойынша Жұмыспен қамту орталығы мен СҚО бойынша ҚАЖД Мамлют ауданының ПБҚ-мен бірлесіп, кезекті отырысын өткізді.

Жұмыссыздарды шақырумен бос орындар жәрмеңкесі ыңғайлығы мен қолжетімділігі үшін «Ашық әкімдік» алаңы арқылы өткізілді.

Мамлют ауданының жұмыс берушілері әр түрлі қызмет салаларын қамтитын 30-ға жуық бос жұмыс орнын ұсынды. Олардың ішінде: “Орман шаруашылығы” КМК, «Мамлют аудандық ауруханасы» ШЖҚ , «Комхоз» КМК «СевКазЭнерго» АҚ, «Мамлют ұн тарту комбинаты» ЖШС, сонымен қатар жеке кәсіпкерлер: ЖК «Беккль А.В», ППК «Харсиев» және тағы да басқа кәсіпкерлер бос жұмыс орындарын ұсынды.

Жәрмеңкенің негізгі мақсаты – есепке алынған жұмысқа орналасуға мұқтаж адамдарды барынша жұмыспен қамту. Осы іс-шараны өткізу барысында кездесудің барлық қатысушыларына оларды қызықтырған сұрақтарға, оның ішінде әрі қарай жұмысқа орналастырумен қайта оқыту бойынша толық жауаптар берілді.

Мамлют ауданының пробация қызметі сотталғандарға жұмысқа орналасуға жәрдемдесу жөніндегі іс-шараларды тұрақты жүргізеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру