Түркістан облысында браконьерлерден заңсыз аулаған 60 келі сазан тәркіленді
Түркістан облысында браконьерлерден заңсыз аулаған 60 келі сазан тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Келес ауданы ПБ-нің кезекші бөліміне табиғатты қорғау инспекторы таңғы сағат 00:30 шамасында Сырдария өзенінде тексеру жұмыстарын жүргізіліп, браконьерлер ұсталғаны жөнінде хабарлама жасады.
Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы темірден жасалған шанышқыны пайдаланып, заңсыз балық аулап жүрген екі тұрғынды анықтады. Олардан айғақты зат ретінде бір резеңке қайық, насос пен сүзгіш, жарықбергіш, токбергіш құрылғылар алынды. Сонымен қатар, заңсыз аулаған 60 келі сазан тәркіленді.
Полиция қызметкерлері күдіктілерді істің мән-жайын анықтау үшін бірден аудандық полиция бөліміне жеткізді.
Қазіргі уақытта аталған жайтқа қатысты ҚР ҚК-нің 335-бабы 3-бөлігі (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерді заңсыз аулау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.