Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көршісінің атынан онлайн несие рәсімдеп алған кентаулық ұсталды

Көршісінің атынан онлайн несие рәсімдеп алған кентаулық ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кентау қалалық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, оның атынан белгісіз біреу онлайн несие алып, 100 мың теңгеден астам шығын келтірген. Ол бұл жөнінде бір айдан астам уақыт өткен соң білген. Содан банктен несие төлеу туралы хабар келгеннен кейін дереу тәртіп сақшыларынан мән-жайды тез анықтап берулерін сұраған.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелді. Арызданушының шағымына сәйкес, орын алған алаяқтық қылмысын ашып, күдіктіні анықтау мақсатында Кентау ҚПБ полицейлері қажетті іс-шараларды жүргізді.

Тексеру жұмыстары нәтижесінде, полицейлер осы қылмысқа қатысты күдіктіні анықтап, оны Кентау қаласы көшелерінің бірінде жүрген жерінен ұстады. Онлайн несие рәсімдеген жас жігіт жергілікті тұрғын, яғни жәбірленушінің көршісі болып шықты.

Анықталғандай, күдікті азамат жәбірленушіге сенің атыңнан Olimp сайтынан жеке логин ашып бере аламын деп сендірген. Өз кезегінде тұрғынның сеніміне ие болған күдікті ол жайлы барлық мәліметтерді алып, банктермен қаржылық ұйымдарға сұраныс жіберген. Содан сұранысы мақұлданып, жәбірлеушінің есепшотына түскен ақшаны онлайн түрде өзіне аударып алған.

Сондай-ақ, күдіктінің дәл осындай алаяқтықпен тағы үш тұрғынды алдап, онлайн несие алғаны белгілі болды. Жәбірленушілерге келтірілген шығын 500 мың теңгеге жуық. Қазіргі таңда күдікті жас жігітке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің басқа да осындай алаяқтық қылмысына қатысы бар-жоғы анықталуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру