Ақша айырбастағысы келген: ақтөбелік полицейлер сауда орталығындағы алаяқты іздеуде
Ақтөбелік полицейлер сауда орталығында менеджерді алдап кеткен алаяқты іздеуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
30 наурызда Keruen City сауда орталығы бутиктерінің біріне шамамен 30-35 жастағы дене формасы арық, қара түсті киім киген ер адам келген. Қолында 120 мың теңге ірі купюралар болған.
Купюраларды ер адам ұсақ ақшаға айналдырғысы келген. Сауда нүктесінің қызметкері ақшаның жарты бөлігін қолма-қол ақшамен алмастырып берді. Бұл уақытта алаяқ оны алдаған жоқ.
Менеджерге ол ескі банкноттар ұсынып, ақшасын кері қайтарып беруді өтінді. Осылайша ер адам 40 мың теңгені жасырып, менеджерге 80 мың теңгені берген. Менеджер қолма-қол ақшаны санап алмаған. Ер адам 160 мың теңгені қалтасына салып алып, бутиктен кетуге асыққан. Павильон қызметкері ақшаның жоғалғанын кейінірек білген.
ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Видеодағы күдікті туралы қандай да бір ақпарат білетін адамдар болса, 102 нөміріне қоңырау шалуды сұраймыз.