Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сілтеме бойынша өткен: алаяққа алданған ақтөбелік 100 мың теңгесінен айырылды

Алаяққа алданып қалған ақтөбелік 100 мың теңгесінен айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

3 сәуірде Ақтөбе қалалық полиция бөліміне 35 жастағы жергілікті тұрғын алаяқтық туралы өтінішпен жүгінді. Оның айтуынша, OLX сайты арқылы планшетті сату туралы хабарландырудан кейін жалған сатып алушыға тап болған. Сенімге кірген сатып алушы WhatsApp қосымшасы арқылы товарды рәсімдеу үшін үшінші тараптың веб-сайтына сілтеме жіберді.

Сілтеме бойынша өткен әйел банк картасынан 100 мың теңгеден астам мөлшерде ақшасын жоғалтты.

Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері күдіктіні анықтау мен ұстауға бағытталған жедел іс-шаралар жүргізуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру