Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда жеке үйге ұрлыққа түскен күдікті анықталды

Қарағандыда жеке үйге ұрлыққа түскен күдікті анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

15 сәуір күні Қарағанды қаласының ПБ Киров ПБ 58 жастағы қала тұрғыны жүгінді. Жәбірленуші белгісіз біреу терезені сырдырып, жеке үйге кіргенін айтты. Қаскүнем 70 мың теңге көлемінде ақша қаражатын, ұялы телефон, газ балонын ұрлаған. Шығын мөлшері 84 мың теңгені құрады.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша полицияда қылмыстық іс қозғалды.

4 сәуір күні жедел-іздестіру іс-шарасы барысында криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен 54 жастағы күдікті ер азамат анықталды және ұсталды. Ол кінәсін толық мойындады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру