Маңғыстау облысында «Мен және менің полицейім» акциясы өткізілуде
Маңғыстау облысында «Мен және менің полицейім» имиджік акциясы өткізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен 2022 жыл «Балалар жылы» деп жарияланды. Басты мақсат – балалардың құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету.
Осы тапсырманы орындау аясында Маңғыстау облысы көлемінде 11-15 сәуір аралығында «Мен және менің полицейім» атты имидждік акция өткізілуде.
Акцияның мақсаты – жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын қалыптастыру, отбасылық және адамгершілік-рухани құндылықтарды насихаттау, азаматтардың ішкі істер органдарына сенімін арттыру, сондай-ақ жеткіншектерді полиция жұмысымен таныстыру және оларға қауіпсіздік шараларын үйрету.
Аталмыш іс-шара негізінде Маңғыстау облысы ПД ЖПҚБ Ювеналды полиция тобының қызметкерлері мектеп оқушыларына Полиция департаментінің мұражайына экскурсия ұйымдастырып, полиция тарихымен таныстырды.
Өз кезегінде тәртіп сақшылары тарапынан оқушыларға жолда жүру ережелері тақырыбында да түсіндірме жұмыстары жүргізілді.