Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада белгіленбеген жерге кәріз суын төккендер жауапқа тартылды

Қызылордада белгіленбеген жерге кәріз суын төккендер жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қала аумағында экологиялық ахуалға кері әсерін тигізетін ассенизатор қызметтерінің заңсыз әрекеттері тұрғындар арасында қызу талқыға түсіп, наразылығын білдіруде. Қызылорда қаласының Полиция басқармасы тарапынан ассенизатор көліктері бойынша күнделікті жұмыстар атқарылуда.

Жыл басынан бері ассенизатор көліктерінің кәріз су қалдықтарын төккені үшін Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 434-2- бабының 1-бөлігімен (Ортақ пайдаланатын орындарды ластау) 47 автокөлік иесіне 5 АЕК, яғни 15 315 теңге көлемінде айыппұл салынды. Осы әрекетті бір жыл ішінде қайталағаны үшін аталған баптың 2-бөлігімен 10 автокөлік иесіне 10 АЕК, яғни 30 630 теңге айыппұл салынды. Автокөлікті басқару барысында ластау әрекетін жасағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 620-бабымен (Жол жүрісіне қатысушыларға қойылатын өзге де талаптарды бұзу) 22 көлік иесі 3 АЕК, яғни 9 189 теңге айыппұл арқалады, әкімшілік құқық бұзушылық хаттамасы толтырылды.

Одан бөлек ассенизатор көліктерімен жол ережесін бұзғаны үшін 64 әкімшілік хаттамалар рәсімделіп, 12 көлік айыптұраққа қойылды. Сонымен қатар, белгіленбеген жерлерге кәріз су төккендері үшін шара қолдану мақсатында Қызылорда қаласының әкімшілігіне бір, экология департаментіне төрт және Қызылорла қалалық су жүйесі мекемесіне 11 ұсыныс жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру