Түркістан облысында әйел 24 жыл бойы құжатсыз жүрген
Түркістан облысының полицейлері 24 жылдан бойы төлқұжатсыз жүрген әйелді құжаттандырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Созақ АПБ-ның көші-қон қызметі бөліміне орта жастағы азаматша жеке басын құжаттандыруға өтініш білдірген. Ол 1998 жылы отбасылық жағдайына байланысты Өзбекстан Республикасынан Қазақстан Республикасына көшіп келген. Содан бері 24 жыл бойына құжатсыз жүрген.
Өтінішті алысымен көші-қон полицейлері бірден тіркеп, шұғыл түрде Шахноза Мадаминованың құжаттарын рәсімдеді. Нәтижесінде, тәртіп сақшылары әйелдің жеке басын анықтайтын төлқұжатын заңға сәйкес жасап берді. Өз кезегінде қаншама жыл күткен құжатын алған тұрғын көші-қон қызметі полицейлеріне ыстық ықыласын білдірді.
– Мен осы құжатты алу үшін өтініш білдірген едім. Полиция қызметкерлеріне үлкен рақмет. Аз уақыттың ішінде бітіріп берді. Жұмыстарыңыз алға баса берсін, – деді Шахноза.