Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында қылмыс деңгейі 4%-ға төмендеді

Павлодар облысында қылмыс деңгейі 4%-ға төмендеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кеңесті Павлодар облысы ПД бастығы Василий Скляр ашып, ведомствоның биылғы жылғы 3 айдағы жұмысының нәтижелеріне және өңір аумағында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқықтық тәртіпті нығайту бойынша қабылданып жатқан шараларға қысқаша тоқталды.

Биыл қылмыс деңгейі 4%-ға, оның ішінде кісі өлтіру 31%-ға, қарақшылық шабуыл 87%-ға, тонау 66%-ға төмендегені байқалады. Бөтеннің мүлкін ұрлау 29%-ға азайды. Қабылданған алдын алу шараларының арқасында қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар 26%-ға және көшелерде жасалған қылмыстар 22%-ға төмендеді.

Алкогольге қарсы заңнама бойынша жүргізілген жұмыстар мас күйінде жасалған қылмыстардың 25%-ға және отбасылық-тұрмыстық салада 15%-ға төмендеуіне әкелді.

– Ауыр және аса ауыр қылмыс түрлерін ашу 2,6%-ға дейін жақсарды. Іс жүзінде барлық қылмыстардың беті ашылды: кісі өлтіру, тонаудың ауыр түрлері, бұзақылық. Интернет арқылы жасалатын алаяқтық 4%-ға төмендеді, – деп хабарлады Василий Скляр.

Байланыссыз алаяқтық – алаяқтықтың ең көп таралған түрі, өйткені желіде көп адам тіркелген және қылмысты алыс қашықтықта да жасауға болады.

Аталған қылмыс түрлерін ашу үшін полиция ведомствосында мамандандырылған жедел-тергеу тобы құрылды. Топ құрамына жедел уәкілдер мен тергеушілер арасынан тәжірибелі қызметкерлер кірді. Бүгінгі таңда олар 184 интернет-алаяқтықты ашты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру