Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар полицейлері алимент төлеуден жалтарған 196 адамды анықтады

Павлодар полицейлері алимент төлеуден жалтарған 196 адамды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Борышкерлер мен алимент төлемейтіндерді іздестіру – көші-қон қызметі бағыттарының бірі. Кейбір ата-аналар балаларына материалдық көмек көрсетуден үзілді-кесілді бас тартады және алимент төлеуден жалтарады. Кейде бір жылдан астам уақыт бойы алимент төлемей, қарыз мөлшері өсетіні туралы айтылады.

– Жыл басынан бері Павлодар облысының полицейлері алимент төлеуден жалтарған 264 адамның 196-сын анықтады, – деп хабарлайды Павлодар облысы ПД көші-қон қызметі бастығының орынбасары Ғомар Шабиденов.

 

Полицейлер ажырасқаннан кейін үш кәмелетке толмаған баласын тәрбиелеуді тоқтатқан 36 жастағы борышкердің орналасқан жерін анықтады.

Жүргізілген шаралар нәтижесінде алимент тек ер адамдар ғана емес, сонымен бірге балаларының тағдырына қызығушылық танытпайтын аналардын да төлемейтіні белгілі болды. Осылайша, екі баласына қарыз болған 34 жастағы алимент төлемеуші Май ауданында ұсталды.

Алимент төлеуден жалтарған борышкерлерге қатысты алимент өндіріп алу туралы атқару құжатының талаптарын мәжбүрлеп орындауға бағытталған ең қатаң ықпал ету шаралары қабылданады. Алимент төлеуді міндеттейтін заңнама нормаларын елемегені үшін Қазақстан Республикасы ҚК-нің 139-бабымен қылмыстық жауаптылық көзделген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру