Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда мас күйінде көлік жүргізген әйел ұсталды

Павлодарда мас күйінде көлік жүргізген әйел ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өткен тәулікте Павлодар патрульдік полиция батальонының қызметкерлері қала көшелері мен жолдарында 83 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Оның ішінде жол қауіпсіздігі бойынша полицейлер 69 хаттама жасады.

Сонымен, бір жүргізуші басқару құқығынан айырыла тұра, көлік жүргізді, 7 автокөлік жүргізушісі жолдан өтіп бара жатқан жаяу жүргіншілерді өткізбеді, 5 адам бағдаршамның тыйым салу сигналына және 12 адам қауіпсіздік белдігін тақпай көлік жүргізді. Сонымен қатар бір жүргізуші мас күйінде көлікті басқарғаны үшін ұсталды.

– Мысалы, 2 қараша күні түн ортасында Циолковский көшесін патрульдеу кезінде полиция қызметкерлері тексеру үшін Nissan автокөлігін тоқтатты. Рөлде әйел болды. Құжаттарды тексеріп, онымен сөйлескен кезде тәртіп сақшылары алкогольдің иісін сезді, – деді патрульдік полиция батальонының командирі Ренат Шарипов.

Алайда жүргізуші көліктен шығуға асықпады, шамамен 10 минут бойы ол жұбайына қоңырау шалуға тырысты. Кейінірек жүргізушінің өзі айтқандай, ол кафеде спирттік ішімдік ішіп, құрбысына қарай бет алған.

Жүргізуші медициналық куәландыруға жіберілді, оның қорытындысы әйелдің алкогольдік масаңдығын растады.

– Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша әкімшілік хаттама жасалды. Материал қарауға сотқа жіберілді, көлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды, – деп атап өтті батальон командирі.

Айта кету керек, биыл мас күйде көлік басқарған 1249 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру