Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде зейнеткерге пышақпен шабуыл жасаған күдікті құрықталды

Ақтөбеде зейнеткерге пышақпен шабуыл жасаған күдікті құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Осы жылғы 31 қазанда сағат 10.00-де кезекші бөлімге белгісіз адам Ақтөбе тұрғынының үйіне кіріп, оны байлап тастағаны туралы хабарлама келіп түсті. Жәбірленуші белгісіз біреу үйге кірген кезде ас бөлмесінде болғанын айтты.

Белгісіз адам оны пышақпен қорқытып, қолын скотчтап тастаған. Қылмыскер бірнеше минут бойы құнды заттар мен ақша іздеп, ештеңе таппай белгісіз бағытта жасырынып кеткен. 69 жастағы әйел қолын босатып, күйеуіне қоңырау шалған. Патрульдік полиция қызметкерлері 50 жастағы күдіктіні ұстады, одан пышақ, бірнеше мата қолғабы мен скотч орамы тәркіленді.

Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 192-бабының 4-тармағы 3-бөлігімен (Қарақшылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті осы қылмысты жасағаны үшін айыпталып, ҚР ҚПК-нің 128-бабының тәртібінде ұсталып, Ақтөбе қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру