Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында мемлекетаралық іздеуде жүрген бұзақы ұсталды

Павлодар облысында мемлекетаралық іздеуде жүрген бұзақы ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысының жедел қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Тараз қаласының 22 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Жас жігіт Қазақстан Республикасы ҚҚ-нің 293-бабында көзделген бұзақылық қылмысы үшін мемлекетаралық іздеуде болған.

– 2021 жылғы 3 қазанда Тараз қаласында кафелердің бірінде бұзақылық әрекеттер жасағаны анықталды. Кейін әскерге шақырылып, Павлодарда 3 айлық жүргізушіге дайындық курсынан өтті. Жүргізуші куәлігін алғаннан кейін әскери бөлімге кетуге мәжбүр болды, бірақ үлгермеді. Қазіргі уақытта ұсталған азамат Павлодар қаласының УҰИ-не қамалды. Іздеу бастамашысына хабарланды,- деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, жылдың басынан бері Ертіс өңірінің жедел уәкілдері 22 қылмыстық қылмыскерді ұстады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру