Қарағандыда ер адам ЖКО-ға түскен мотоциклшінің заттарын ұрлап кетті
Қарағандыда ер адам ЖКО-ға түскен мотоциклшінің заттарын ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
16 сәуірде Қарағанды қаласының ПБ Киров полиция бөліміне қала тұрғынының өтініші келіп түсті. Жәбірленуші белгісіз біреудің қораға кіріп, электр құралдарын ұрлап кеткенін айтты. Аталған факті бойынша полиция ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғады.
20 сәуірде жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері 33 жастағы күдікті ер адамды анықтап, ұстады. Ол кінәсін толық мойындады. Заттай дәлелдемелер алынды.
Полицейлер сотқа дейінгі тергеу барысында күдіктінің өткен жылдың 6 тамызында болған осындай қылмысқа қатысы бар екенін анықтады. Сол күні Зеленский көшесінде мотоциклмен келе жатқан 34 жастағы ер адам жол-көлік оқиғасына ұшыраған. Құлап, аздап дене жарақатын алған.
Жол-көлік оқиғасының куәгерлері мотоциклист жігітке көмектесіп жатқанда, белгісіз біреу зардап шегушінің сөмкесін ұрлап кеткен. Онда ұялы телефон, құжаттар, 29 мың теңге болған. Жалпы шығын мөлшері 108 мың теңгені құрады.
Белгілі болғандай, қылмысқа қорадан электр құралдарын ұрлау фактісі бойынша қозғалған қылмыстық іс бойынша айыпталушының қатысты бар. Заттай дәлелдемелер – жәбірленушінің құжаттары алынды.
Қазіргі уақытта қаскүнем уақытша ұстау изоляторына қамалды.