Таразда күйеу баласы қайын енесінің үйін тонады деген күдікке ілінді
Таразда күйеу баласы қайын енесінің үйін тонады деген күдікке ілінді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тараз полициясына 66 жастағы әйел хабарласып, тонау дерегі бойынша шағымданған. Шамамен сағат 00.20-да белгісіз ер адам үйіне заңсыз кіріп, күш қолданамын деп қорқытып, 2 450 АҚШ долларын, 100 мың теңге, сондай-ақ екі алтын сақина мен телефонын ашық түрде алып кеткен.
Жәбірленушінің айтуынша, ол қажылық жасау үшін ақша жинаған.
Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 191-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, полиция қызметкерлері екі күдіктіні анықтап, ұстады. Олар Тараздың 47 және 51 жастағы тұрғындары болып шықты. Сонымен қатар, күдіктілердің бірі жәбірленушінің күйеу баласы.