Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда тергеу изоляторының аумағына 40-тан астам ағаш отырғызылды

Алматыда тергеу изоляторының аумағына 40-тан астам ағаш отырғызылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жуырда Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ЛА-155/18 мекемесінің ұжымы мекеме аумағын көріктендіру мақсатында көпке үлгі болар жұмыс жасады.

Алып қаланың шетіндегі тергеу изоляторының ғимараты әлемдік стандартпен салынған ғимарат. 1400 адамға дейін ұсталатын мекемеге келушілердің көп болатыны заңды. Қамаудағы туыстарына сәлемдеме әкелетіндерді айтпағанда, күнделікті жұмыс процесімен қорғаушылар және сот, прокуратура, қоғамдық бақылау ұйымдары өкілдерінің легі еш толастамайды.

Бұдан бұрын мекеменің ішкі алқабы мекеме қызметкерлерінің күшімен көріктендірілген болатын. Жақында тергеу изоляторының басшылығы мекеме аумағын одан әрі көріктендіру үшін ағаш көшеттерін отырғызды.

Атап айтсақ, 23 түп боз арша, үш түп Тянь-Шань шыршасын, сегіз қайың, екі көкшіл шырша, бес түксіз терек пен 110 түп көпжылдық гүл көшеттері отырғызылды. Мекеме ұжымының күшімен отырғызылған жасыл желек болашақта мекеме аумағының көркіне айналып қана қоймай, келушілерге көлеңкесімен сая болары сөзсіз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру