Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде полиция қызметкеріне пара ұсынған КамАЗ жүргізушісі ұсталды

Ақтөбеде полиция қызметкеріне пара ұсынған КамАЗ жүргізушісі ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

3 мамыр күні №3 ҚПБ-ға полиция қызметкерінен хабарлама келіп түсті. Оның айтуынша, Ақтөбе көшелердің бірінде 62 жастағы жүргізушінің басқаруындағы КамАЗ жүк көлігін тоқтатты. Көлік жүргізушісі ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы 3-бөлігі (Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартпас үшін полиция қызметкеріне пара ұсынған.

Пара бергені үшін Алға қаласының тұрғынына қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Қызметтік міндетін адал атқарып жүрген полиция қызметкері пара алудан бас тартты. Кейін ол сыбайлас жемқорлық дерегі бойынша ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасына арыз жазды. Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 367-бабы 1-бөлігі (Пара беру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Сол күні тағы бір жағдай орын алды. Ваз 21102 автокөлігінің жүргізушісі әкімшілік құқық бұзушылық жасап, дәл солай жауапкершілікке тартпас үшін полиция қызметкеріне пара берген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру