Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алаяқтар павлодарлық әйелді 4,5 млн теңгеге алдап кетті

Алаяқтар павлодарлық әйелді 4,5 млн теңгеге алдап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қаскүнемдер “алаяқтарға” қарсы арнайы операцияға қатысып жатырмыз деген сылтаумен Павлодар облысы тұрғынының 4,5 млн теңгесін иемденіп кеткен.

– Жәбірленушілердің бірі өзін күш құрылымдарының қызметкері ретінде таныстырған белгісіз тұлғаларды қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Павлодар облысының полициясына жүгінді, – деп хабарлады Павлодар облысы ПД бастығының орынбасары Болат Нұрсейітов.

47 жастағы павлодарлық әйел “Қаржылық бақылау департаментінің тергеушісі” ретінде өзін таныстырған белгісіз ер адам қоңырау шалғанын айтты. Ер адам сенімхат бойынша оның атынан банктердің біріне 400 мың теңге сомасында ақшалай несие ресімдеуге өтінім түскенін түсіндірді. Белгісіз адам сенімге кіру үшін әйелдің денсаулығының жай-күйін сұрап, оның денсаулығына байланысты проблемалар жоқ екенін білген соң, сұхбаттасушы бұл алаяқтық әрекеттер болуы мүмкін екенін айтып, оны өзін қаржы полициясының тағы бір маманы ретінде таныстырған “қызметкермен” байланыстырды.

Әрі қарай, жалған маман жәбірленушіні “алаяқтардың” әрекеттерін бақылау үшін ақшалай несие алу қажеттілігі айтып сендірген. Азаматша ойланбастан 1,5 млн теңге сомасына несие ресімдеп, барлық соманы жалған қызметкер жіберген деректемелерге аударып жіберген. Кейінірек, әйел жалған қызметкерлерден WhatsApp мессенджері арқылы несие “мерзімінен бұрын өтелгені” туралы құжатты PDF форматында алды. Онда 1,5 млн теңге сомасындағы несие мерзімінен бұрын өтелгені көрсетіледі.

Келесі күні белгісіз ер адам әйелге тағы да қоңырау шалып, тағы бір өтініш білдіріп, бұл жолы алдын ала әрекет ету керек екенін түсіндірді. Нәтижесінде, оның өтініші бойынша әйел алдындағы тәсілмен әртүрлі банктерде 1,9 млн және 1 млн теңге сомасына несие ресімдейді.

Әңгіме барысында қаскүнем сенім тудыра отырып, ресми тонды ұстанып, серіктестіктен бас тартқан жағдайда жауапкершілік көзделетіні туралы ескертетін заңды терминдерді қолданып сөйлеген. Солайша, ештеңеден сезіктенбеген, әйел несие ресімдеп алған ақшаны “қызметкер” берген тағы бір реквизитке аударады. Сол жалған қызметкердің өтініші бойынша әйел басқа банктен 1 миллион теңгеге тағы бір ақшалай несие алған. Барлық нұсқауларды орындағаннан кейін, әйел қызметкер сымаққа телефон шала бастайды, алайда “мұндай нөмір жойылған” болып шығады.

Қазіргі уақытта алаяқтық фактісі бойынша Қазақстан Республикасы ҚК 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Осы қылмысқа қатысы бар адамдарды анықтау және ұстау үшін барлық шаралар қабылдануда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру