Қостанай тұрғынын екі әйел тонап кетті
Қостанай тұрғынын екі әйел тонап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
7 мамырда полицияға облыс орталығының тұрғыны жүгінді. Сауда базар павильондарының бірінде оның сөмкесінен 40 мың теңгесі бар әмияны мен банк карталары ұрланған. Жедел уәкілдер Нұржан Қойшыбай, Нұрбол Сәмкен және Бағдат Молдыбаев базар аумағында орнатылған бейнебақылау камераларын қарап шықты.
Камераға әйелдердің бірі жәбірленушімен бірге сөрелерде тауар қарап жүрген кейіп танытып, жәбірленушінің сөмкесінен әмиянды шығарып жатқаны түсіп қалған.
Бұл ретте екінші әйел сыбайласын жасырған. Ұрлық жасалғаннан кейін олар павильоннан қашып, автотұрақтардың бірінде бос әмиянды лақтырып, белгісіз бағытта тығылған. Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер бір тәулік ішінде күдіктіні, бұрын ұрлық үшін сотталған 31 жастағы Ақтөбе тұрғынын анықтады және ұстады. Қазіргі уақытта олардың басқа да осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.