Жамбыл облысында қарақшылар зейнеткердің 5 млн теңгесін жымқырып кетті
Жамбыл облысында қарақшылар зейнеткердің бес млн теңгесін жымқырып кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицияға Мойынқұм ауданының 82 жастағы тұрғыны шағымданды. Ер адам 12 мамырдан 13 мамырға қараған түні бетперде киген екі белгісіз адам жасырын түрде жазғы ас үйге кіріп, жалғыз өзі ұйықтап жатқан оған күш қолданып, шабуыл жасап, жастығының астында жатқан бес млн теңгесін ашық түрде алып кеткені туралы хабарлады.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде полиция қызметкерлері 1977, 1984, 1987, 1985 жылдары туған төрт ер адамды анықтады. Оның үшеуі – Қордай ауданының тұрғыны, біреуі – Алматы облысының тұрғыны.
Тергеу анықтағандай, күдіктілер 12 мамырдан 13 мамырға қараған түні алдын ала сөз байласу арқылы Мойынқұм ауданына осы қарақшылық қылмысты жасау үшін келген. Белгілі болғандай, күдіктілердің ішіндегі біреуі жәбірленушінің туысы және одан бірнеше рет қарызға ақша сұраған. Ол қасындағы серіктестеріне кеңес береді.
Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 192-бабы 3-бөлігі (Қарақшылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бірқатар қажетті сараптамалар да тағайындалды.
Қазіргі уақытта үш күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, ал тағы бір қатысушысының орналасқан жері анықталуда.