СҚО-да аңшыға тіркеуде жоқ мылтығы үшін айыппұл салынбақ
СҚО-да аңшыға тіркеуде жоқ мылтығы үшін айыппұл салынбақ, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шал ақын ауданы Жалтыр ауылына жақын көлдің маңында рейд жүргізу кезінде облыстық табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері мылтықтың атылған дыбысын естіген. Тексеріс кезінде көршілес Тимирязев ауданының үш тұрғыны рұқсат құжаттарынсыз суда жүзетін құстарды атқан. 36 жастағы ауыл тұрғынына тиесілі мылтық тіркелмеген болып шықты.
Қаруды заңсыз ұстағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабы (Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы) бойынша жауапкершілікке тартылды. Материал сотқа тапсырылады, ер адамға 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынуы мүмкін. Бұдан бөлек, барлық үш бұзушыға қатысты аңшылық ережелерін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 382-бабы бойынша хаттамалар толтырылды.
– 7 мамырдан бастап суда жүзетін құстарды аулауға тыйым салынғаны туралы еске саламыз. Басқа қызметтердің қызметкерлерімен және қорықшылармен бірге өткізілетін рейдтер тұрақты негізде жүргізіледі. Мақсаты – табиғатты пайдалану саласында құқық бұзушылықтардың жолын кесу, өңірдің экологиялық жағдайын сақтау, – деді СҚО Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасы табиғатты қорғау полициясы тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Асхат Қожабаев.
Жалпы жыл басынан облыста аң аулау ережелерінің – 327, балық аулау ережелерінің 172 бұзушылығы анықталды. Заңсыз аңшылықтың төрт фактісі тіркеліп, ашылды.