Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО бойынша ҚАЖ қызметкерлері балалар үйіне барды

СҚО бойынша ҚАЖ қызметкерлері балалар үйіне барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Балалар үйінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған төрт жасқа дейінгі балалар тәрбиеленеді. Жыл сайын қызметкерлер балалар үйіне көмек көрсетеді. Ата-ананың мейірімінен айырылған балаларға қамқорлық жасаудың маңыздылығын түсіне отырып, қызметкерлер қайырымдылық шараларын ұйымдастыруға, бүкіл ұжымнан жылулық пен қамқорлық жасауға тырысады.

Биыл Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында мекеме қызметкерлері іргелес аумақтар мен балалар алаңдарын абаттандыруға көмек көрсету туралы шешім қабылдады. Қызметкерлер үйшіктерді сырлауға, аумақтағы шөптерді жинауға және ағаштарды ақтауға көмектесті.

Сондай-ақ, СҚО бойынша ҚАЖД Петропавл қаласы пробация қызметі бөлімінің қызметкерлері есепте тұрған балалар үшін нағыз мереке ұйымдастырды. Балалар сурет байқауына белсенді қатысып, қызметкерлермен бірге әр түрлі ойындар ойнады. Байқау соңында балалардың бірі лезгинка биін билеп, қызметкерлерге өз алғысын білдірді. Байқау қорытындысы бойынша балаларға кеңсе тауарлары, тәттілер мен шарлар табысталды.

Балалардың аналары қызметкерлерге ұйымдастырылған мереке, көтеріңкі көңіл-күй және есепке алынған контингентке және олардың балаларына аударылған назар үшін алғыстарын білдірді.

Мереке күні қызметкерлердің балалары да назардан тыс қалмады. Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесінде СҚО бойынша ҚАЖД қызметкерлері балаларымен бірге отбасылық демалыс ұйымдастырды. 50-ге жуық қызметкерлердің балалары аттракциондар паркіне, балалар ойын-сауық орталықтарына барып, карусельге мініп, батуттарға секірді. Іс-шара балалармен бірге жұмыстағы жүктемелерге қарамастан, отбасы мен жалпы жұмыс арасындағы қарым – қатынастың моральдық-психологиялық тепе-теңдігін біріктірді және нығайтты. Қызметкерлердің балалары аталмыш мерекесі қарсаңында ата-аналарының қасында болғанына өте риза болды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру