Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстаулық полицейлердің балалары катамаранмен теңіз бетінде серуендеді

Маңғыстаулық полицейлердің балалары катамаранмен теңіз бетінде серуендеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау мерекесі қарсаңында Маңғыстау облысы Полиция департаменті басшылығының ұйымдастыруымен теңіз жағалауында қызметкерлердің балаларына арналған мерекелік шара өткізілді. Аниматорлық кейіпкерлердің ән шырқап, би билеп, түрлі сайыстар ұйымдастыруымен басталған балалар мерекесі катамаранмен теңіз бетіндегі серуенмен жалғасын тапты. Маңғыстау облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Қандарбек Бахтыгереев барша балалар мен ата-аналарды мерекемен құттықтап, жүрекжарды тілегін жеткізді.

– Сіздерді Маңғыстау облысы Полиция департаменті басшылығы Балаларды қорғау күні мерекесімен шын жүректен құттықтайды. Балапандарымызға зор денсаулық, бақытты балалық шақ тілеймін. Жас ұрпақ, жас буын, жасөспіріпдеріміз аман болсын. Елдің ертеңі болар сол жастарымыз бен балаларымыз, – деді өз сөзінде Маңғыстау облысы ПД басшысының орынбасары.

Балаларды қорғау күні жай мереке ғана емес, сонымен қатар болашаққа бағдар жасайтын маңызды шараның бірі. Адамзаттың алдында тұрған зор міндет – болашақ ұрпақтың бақытты өмірін қалыптастыру. Болашақ ұрпақтың әрқашан бейбітшілікте өмір сүруіне және елін, жерін қорғайтын азаматтар болып өсуіне үлкендердің ықпалы зор.

Шат-шадыман балалардың жүздері, олардың шынайы күлкілері іс-шараның жоғары деңгейде өткенінің дәлелі болды. Мұндай керемет көңіл күй үшін ата-аналар да, балалар да дән риза болып, шексіз алғыстарын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру