Мүгедек әкесінің ақшасын ұрлаған ақмолалық анықталды
Мүгедек әкесінің ақшасын ұрлаған ақмолалық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
13 мамырда Көкшетау қаласының Полиция басқармасына облыс орталығының тұрғынынан 600 мың теңгесінің ұрлағаны туралы өтініші келіп түсті. Ер адам полицияға протез сатып алуға арналған жинақтарды үйде сақтағанын айтты.
Тексеру жұмыстарының нәтижесінде, жәбірленушінің 54 жастағы жұмыссыз баласының әкесінің ақшасын пайдаланғаны анықталды.
Іздестіру іс-шаралары барысында полиция мен еріктілер Бурабай ауданының аумағында жәбірленушінің ұлының тұрған жерін анықтады. Ер адам әкесінің қаражатын өз қажеттіліктеріне жұмсағанын мойындады. Қазіргі уақытта жәбірленуші ұлын кешірді және берген өтінішін қайтып алды.